
OMRON маркасы тонометрлерінің, небулайзерлерінің, термометрлерінің, дене құрамы мониторларының, таразысының барлық модельдеріне таралады.

OMRON маркасы миостимуляторларының барлық модельдеріне таралады

OMRON маркасы қадам өлшеуіштерінің, пикфлоуметрлерінің барлық модельдеріне таралады.

OMRON маркасының манжеттеріне және керек-жарақтарына таралады.
Тегін өмір бойы сервистік қызмет көрсету – кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін жөндеу бойынша шебердің тегін жұмысын тұспалдайды. Тек ауыстыруға тиесілі қосалқы бөлшектер ғана төленеді
ЕСКЕРТПЕ: Осы кепілдік сатушы кепілдік картасын, соның ішінде келесі тармақтарды дұрыс толтырылған кезде ғана жарамды болады:
- тауарды сатқан ұйым,
- сату күні (күні/айы/жылы),
- дәріхананың мөртабаны/сатушының қолы,
және /немесе сату туралы бүкіл ақпарат көрсетілген фискалды чек бекітілген.

Кепілдік келесі жағдайларда күшін жояды:
- Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзумен аспапты қолдану;
- Тұтынушының қасақана немесе қате әрекеттерінің нәтижесінде нұқсан келтірілген кезде;
- Бұйымда механикалық немесе өзге зақымданулардың болуы;
- Аспапты ұқыпсыз қолдану;
- Бұйымның ішіне сұйықтықтың, шаңның, жәндіктердің және басқа бөгде заттардың түсуі;
- OMRON сертификаттамаған орталық жүргізген аспап конструкциясын бөлшектеу және кез келген басқа араласу;
- OMRON фирмасы ұсынбаған желілік адаптерлер арқылы электр желісіне қосу;
- Кепілдік талонын дұрыс емес толтыру, оларда тазартулар және куәландырылмаған түзетулер бар.

Кепілдік келесі себептермен туындаған бұйымның кемшіліктеріне (бұзушылықтарына) таралмайды:
- Қызмет ету мерзімі шектеулі бөлшектердің, сонымен қатар шығыс материалдардың (қуат элементтерінің, манжеттің және т.б.) табиғи тозуы;
- Басқа өндірушілердің қосалқы бөлшектерін қолдану;
- Жойқын күш әсері (жазатайым оқиға, өрт, су тасқыны, электр желісінің бұзушылығы және т.б.). Кепілдік батареяларға, сонымен қатар қызмет ету мерзімі шектеулі қосымша бөлшектерге таралмайды.

Тауарды сервистік орталыққа дейін және кейін жеткізу сатып алушының күштерімен және есебімен жүзеге асырылады.

OMRON сервистік орталықтары:
- Бүкіл әлем бойынша бірыңғай стандарттар – ТҮПНҰСҚА тексеру жабдығын қолданумен;
- Шығыс материалдардың меншікті қоймасы бар;
- Жайға қойылатын арнайы талаптар орындалады;
- Белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күндері қызмет көрсету және жөндеу жүзеге асырылады;
- Сынақтан өткізу және сараптама қысқа мерзімдерде жүргізіледі.

