Сіз кез келген автоматты тонометрді таңдай аласыз – иыққа және/немесе білезікке. Иыққа арналған модельдер аспап манжетінің иыққа (білезіктің бүгілген жерінен екі саусақ жоғары), ал білезікке арналған модельдер аспап манжетінің білезікке (кәрі жіліктен жоғары) тағылуымен ерекшеленеді. Манжеттің тағылатын орнына тәуелсіз барлық ОМRON тонометрлерінің дәлдігі бірдей. Модельдер арасындағы айырма аспапта және зауыт-өндірушінің жиынтықтауыштарының қосымша функцияларының болуынан тұрады. Сонымен қатар білезікке арналған тонометрлерде қант диабеті, қол буынының немесе білезіктің жарақаттары, тамыр аурулары сияқты бірқатар қарсы көрсетілімдер бар. Иыққа арналған тонометрлерде осы қарсы көрсетілімдер жоқ. Автоматты тонометрлердің модельдік қатарымен «ИЫҚҚА АРНАЛҒАН АВТОМАТТЫ ТОНОМЕТРЛЕР» бөлімінен немесе «БІЛЕЗІККЕ АРНАЛҒАН АВТОМАТТЫ ТОНОМЕТРЛЕР» бөлімінен танысуға болады.

